Мойынқұм ауданы өңір дамуына үлес қосуда.
Ел мен жердің байлығын игеру, экономикасын көтеру, сөйтіп тәуелсіз мемлекетіміздің тегеурінді әлеуетін төрткүл дүниеге таныту басты мақсат.
Соңғы жылдары Жамбыл жерінде ел-жұртқа «Бәрекелді!» дегізген біраз шаруалар атқарылды.
Нақтырақ айтсақ, бүгінде облыс үлкен құрылыс алаңына айналған. Алып кешендер, сәулетті ғимараттар және жаңа тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүріп жатыр.
Тек облыс орталығы ғана емес, аудандарда еңсесін тіктеп, жылдан жылға әлеуметтік экономикалық ахуалы жақсарып келеді. Мойынқұмдықтар да бүгінгі таңда ауданның өркендеуі жолында еселі еңбектер атқарып келеді.
Атқарылып жатқан жұмыстар әркез аудан әкімінің басты назарында. Бүгін ауданымызға зерделеу жұмыстарымен келген облыстық мәслихаттың депутаттарының тобын ауданның шекарасынан күтіп алдым.
Оларды бастап Ақбақай ауылындағы АК «Алтыналмас» Ақбақай филиалының, Биназар ауылындағы жаңадан ашылған кәсіпкерлік, Мойынқұм ауылындағы «Магнит +» азық-түлік дүкен басқа да көпшілік жиналатын кәсіпкерлік, мәдени орындарды аралап, жұмысшылармен кездесті.
Олармен тілдесіп, пікірлеріне құлақ түрді. Кейбір айтылған ұсыныстар назарда болмақ.
Е.Амирханов,
Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары