ӨНЕР АЙДЫНЫНДА

https://www.facebook.com/AkimatSarysu
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңістің жалауы» атты өнер фестивалін ауылдық округтер арасында Қамқалы ауылдық округі қорытындылады.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдангерлер ерліктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Іс шара барысында тұрғындар әуелі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып тағзым жасады. Ауыл өнерпаздары патриоттық рухта әндер шырқаса, кітапхана қызметкерлері библиографиялық шолу жасап, тағылымды тарихымызбен таныстырды.
Comments (0)
Add Comment