ӨНДІРІС ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАШАН ДА ӨЗЕКТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіровтың ауданымызға іссапары «ЕвроХим — Қаратау» ЖШС-іне қарасты жаңадан салынып жатқан минералды тыңайтқыштарды өндіру Күкірт қышқылы қондырғысы зауытында жалғасты.
Мәжіліс депутатын аудан әкімі Сәкен Мамытовтың өзі қарсы алды. Шараға сондай — ақ, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Уалихан Болатбек, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, облыстық басқарма мүшелері, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев қатысты.
Іссапар барысында
«ЕвроХим — Қаратау» ЖШС бас директоры Игорь Георгиади Мәжіліс депутатына компанияның мақсат міндеттемелерімен таныстырып, зауыттың аудан экономикасының қарыштауына маңыздылығы зор екенін айтты. Жоба кестесіне сәйкес, 2022 жылғы қыркүйектен бастап құрылыс алаңына құрылыс персоналы мен техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда 600-нан астам құрылыс қызметкері мен 80 техника бірлігі (экскаваторлар, крандар, жүк тиегіштер, манипуляторлар, бетон араластырғыштар, таптағыштар, жүк көліктері және т.б.) іске қосылған.
Жаңа зауыттың жұмысымен танысқан Мұқаш Ескендіров жергілікті халықты жұмыспен қамтуда аудан әкімдігімен бірлесе жұмыс жасау керектігін жеткізді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының қауіпсіздігі аса маңызды екенін айтып, қауіпсіздікті басты назарда ұстаудың маңыздылығына тоқталды.
Comments (0)
Add Comment