Олимпиадаға қатыспаған Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді жалғастырудан бас тартты

Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина чемпионаттың екінші айналымында франциялық теннисші Джессика Поншемен өтетін ойынға қатысудан бас тартты. Спортшының айтуынша, сайыстан шығуына жарақаты себеп болған.

“Өкінішке орай, жарақатыма байланысты бүгінгі матчтан бас тартуға мәжбүр болып тұрмын. Маусымның соңғы «Үлкен дулыға» турнирін бұлай аяқтағым келмеген, бірақ өз денемді тыңдауым керек. Жылды жақсы аяқтаймын деп үміттенемін. Мені қолдайтын барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын, турнирде қалған ойыншыларға сәттілік тілеймін», – деді Рыбакина.


«Оларды тек ақша қызықтырады»: Қазақстандық боксшы теннисші Рыбакина мен Путинцеваны сынға алды


Елена Рыбакина биылғы маусымда осымен сегізінші рет турнирлерге қатысудан өз еркімен бас тартты.

Еске салсақ, бұған дейін теннисші Елена Рыбакинаның денсаулығына байоанысты Париждегі Олимпиадаға қатыспайтыны туралы жазған едік. Алайда кейіннен Париж Олимпиадасына қатыспаған теннисшілер Рыбакина мен Путинцеваның АҚШ-тағы турнирде ойын көрсететіні туралы ақпарат тарады.

https://stan.kz/olimpiadaga-katispagan-elena-ribakina-aksh-tagi-turnird-405534/

Comments (0)
Add Comment