ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында оқыту семинары өтті. Семинар кеңеске «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының» басшысы Эльмира Мырза-Ғали, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тлеубаев, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, мобильді топ мүшелері, қала және ауылдық округ әкімдері мен мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Семинар барысында Эльмира Инятқызы 2025 жылғы 11 қараша күні облыс әкімі Е.Ш.Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің №57 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдың 14-22 қаңтары аралығында аудандарда құрылған «Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша» құрылған мобильді топтардың жұмысына әдістемелік көмек көрсету, отбасын қолдау орталықтарының қызметін цифрландыру бойынша «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының» басшысы және мамандары тарапынан өткізіліп жатқан семинардың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға түсіндірме жасады. Оқыту семинарын аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тлеубаев жүргізіп отырды.
Comments (0)
Add Comment