Оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру еGov-та қолжетімді болды

Коллаж: Turkystan.kz

https://turkystan.kz/article/265859-oqusylardy-mektepten-mektepke-auystyru-egov-ta-qolzetimdi-boldy
Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар.

Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады.

Қызметті алу үшін:

• eGov.kz порталында тіркелу;

• «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;

• Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;

• Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265859-oqusylardy-mektepten-mektepke-auystyru-egov-ta-qolzetimdi-boldy

Comments (0)
Add Comment