Бүгін Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің құрылғанына 15 жыл толуына орай, Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде «Сарысу – саялы мекенім» атты облыстық спартакиада өткізілді.
Жарыстың салтанатты ашылуына аудан әкімі М.Сұлтанғалиев және аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі