ОБЛЫСТА ЖРВИ-МЕН АУЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ 21 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Өңірде өткен аптада ЖРВИ-нің 9 292 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш соңғы уақыттағы жағдаймен салыстырғанда 21 пайызға арта түскен. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова осылай деді.
Облыста тұмаудың алғашқы жағдайлары қазан айының басында тіркелді. Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері зертханалық жолмен расталған тұмаудың 72 жағдайы анықталса, оның ішінде 10 жағдай А типті, В типті 62 жағдай расталып отыр. Жалпы, 2022-2023 жылғы маусымның өткен кезеңінде, яғни өткен жылдың 1 қазанынан ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін ЖРВИ-мен 162 580 науқас қаралды. Ем алушылардың 66 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, — деді Неили Орынбасарқызы.
Спикер сондай-ақ аурудың алғашқы белгілері пайда болған сәттен бастап білікті дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажеттігін атап өтті. Ол өз сөзінде науқастың үй жағдайында өзін-өзі емдеуі кері әсерін тигізетін жеткізді.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Comments (0)
Add Comment