«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды

Қуаттылығы жөнінен Орталық Азиядағы ең ірі жел электр стансасы Сарысуда орналасқан. 100 мегаватты «Жаңатас жел электр» стансасының бірінші жобасы бүгінгі таңда толық жұмыс істеп тұр. Құрылыс жұмыстарында 100-ге тарта азамат жұмыспен қамтылса, бүгінде 27 қызметкер тұрақты еңбек етіп жатыр.
Көмірмен жұмыс істейтін электр стансасымен салыстырғанда, жел электр стансалары жылына 109 500 тонна көмір, 1 031 тонна күкірт диоксиді және 934 тонна азот оксидін үнемдеп, көмір қышқыл газының шығарындыларын 289 мың тоннаға, түтін мен шаңды 322 тоннаға азайтады. Сондай-ақ күл-қоқыс көлемін 32 900 тоннаға төмендетеді екен.
Жыл сайын сағатына 350 млн киловатт қуат көзін өндіруге мүмкіндігі бар жоба толықтай жүзеге асса, Жамбыл облысының 4 ауданын баламалы қуат көзімен қамтиды.
Сондай-ақ, екінші жобаны да жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп, жер телімдері бөлініп, барлық қажетті жұмыстар атқарылуда.
Жаңатас жел электр стансасы толық күшіне енсе, Орталық Азиядағы «жасыл» энергетика қорын толтыруға қосар үлесі зор болары сөзсіз. Жел стансасын іске қосу атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтып, жаңа жұмыс орындарын құруға мол мүмкіндік беріп, аудан тұрғындары жұмыспен қамтамасыз етіледі.
О сы орайда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқаны үшін Жаңатас жел электр станциясының құрылтайшысы Алмас Таласұлына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің ұсынысымен Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітовтің 2022 жылғы №230-ө өкіміне сәйкес «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі салтанатты түрде табыс етілді.
Айта кету керек, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС-і әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына ат салысып, аудан экономикасының дамуына оң ықпал етуде.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
Comments (0)
Add Comment