Аймақ басшысы өз сөзінде осыған айрықша назар аудартып, мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу бағытында түрлі жобалық тәсілдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша Жамбыл өңірінің жемқорлық көрсеткіші жақсы еместігіне көңіл бөліп, алдын алу, тәуекелдерін жою жұмыстарын күшейту керектігін баса айтты.