Облыс әкімі қарияның үйіне барып, мерекемен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай Тараз қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Серікжан Абраимовтың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы алдыңғы буын ардагерлердің елімізді, облысты дамыту жолындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, бүгінгі жас ұрпаққа олардың өмір жолы өнегеге толы екенін жеткізді.

— Өздеріңіздей көпті көрген ардақты ардагерлердің, қазыналы қариялардың еткен ерен еңбектері ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай, аянбай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі. Ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс айтамыз,-дей келе Нұржан Нұржігітов қарияның деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Өз кезегінде ардагер де құрмет көрсеткен облыс басшылығына ризашылығын жеткізіп, елдің бүтіндігін, болашақтың жарқын болуын ақ батасына қосты.

Айта кетейік, Серікжан Абраймов 1943 жылы Жамбыл облысында туған. Ол түрлі жылдары облыстық, қалалық және аудандық комитеттерде, сонымен қатар, Халық депутаттары аудандық Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. Кейіннен әлеуметтік салада еңбек етіп, зейнетке шыққан. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен мараппатталған. Бүгінде ұл-қызынан немере сүйіп отыр.

Бұл күні облыстық мәслихаттың хатшысы, облыс әкімінің орынбасарлары да бірқатар ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment