Маман асқабақтың құрамында А, С, Е, К және В дәрумендері мен магний, темір, калий сияқты минералдар барын айтты. Бұл өнімдер қан қысымын реттеп, жүрек саулығын сақтауға көмектесетінін түсіндірді.
Антонюк асқабақтың құрамында ас қорытуды жақсартатын және іш қатудың алдын алатын талшық бар екенін жеткізді.
“Асқабақ антиоксиданттық қасиеттерге ие және калориясы аз. Дегенмен асқабақ гастрит немесе асқазан жарасы асқынған және оған аллергиясы бар адамдарға ұсынылмайды. Қант диабетімен ауыратын болсаңыз, қандағы қант деңгейінің кенеттен өсуіне жол бермеу үшін асқабақ мөлшерін бақылау маңызды», – дейді маман.
Айта кетейік, бұған дейін Уролог-андролог Алексей Моисеенко дұрыс тамақтану репродуктивті денсаулықты сақтауға және әртүрлі аурулардың алдын алуға көмектесетінін айтқан еді.
Фото: Freepik
https://stan.kz/nutricolog-maman-zhurek-sauligi-ushin-paydali-onimdi-at-411970/