Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы 1981 жылы Тараз қаласында туған.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы», «Әулие-Ата» университетін «юристік қызмет», Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын «көлік құрылысы» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің жетекші маманы, бас маманы, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымында қызмет етіп келді.
Облыс әкімі ауданның жаңа әкіміне өңірдің әлеуетін тиімді пайдаланып, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Жамбыл облысының әкімдігі