Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазына қатысты

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданың бас мешітінде жұма намазына қатысты деп хабарлады turkystan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мешітке жиылған жұрт экс-президентті қоршап алып, одан бата беруін өтінді.

Н. Назарбаев Қазақстан үшін тәуелсіздіктің қаншалықты маңызды екенін атап өтіп, ел халқына бейбітшілік пен жақсылық тіледі.

Comments (0)
Add Comment