Мемлекет басшысы Краснояр өлкесінде Ми-8 жолаушылар тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.