«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы «Наурыз Challenge» акциясы аясында облыстағы барлық 100-ден асқан әжелерді, әйел Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, көп балалы, аз қамтылған отбасы аналарды, ерекше күтімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарды мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпат табыс етті.
Сондай-ақ, Партия облыстық филиалының төрағасы Ерқанат Манжуов төрт баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Алтынай Әбдіқұлованың отбасына арнайы барып, хәл-жағдайын біліп қайтты. Денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз болып, бала күтімімен отырған ананы құттықтап, деніне саулық тілеп, сипат жасады.
Сонымен қатар, партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов партияның бағдарламалық құжаттары мен мақсаттарын, партиялық «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» атты жобаларды жүзеге асыруда серіктес болған облыстағы белсенді әйелдерді, партия ардагерлерін мерекемен құттықтады. Партия облыстық филиалы тарапынан сый-сияпаттар тарту етілді.
Жалпы партия тарапынан облыс көлемінде 300-ге тарта нәзік жандыларды құттықтап, құрмет көрсетілді.