«Нұр Отан» партиясының фракциясы жиын өткізді

«Нұр Отан» партиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің IV-сессиясының ашылуында қойған негізгі міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі жиыны өтті. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен өткен басқосуда Президент белгілеген бес әлеуметтік бастаманы іске асыру, тиісті заң жобаларын қабылдауға қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Ол «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталады. Жиын қорытындысында төртінші сессияға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша фракция қаулысы қабылданды.

24.kz

Comments (0)
Add Comment