08info.kz
ақпарат агенттігі
08info.kz
НИВАНЫҢ АЛДЫНДА
By
Админ
on 30.03.2024
Жамбыл ауданының басшысы демалыс күндері егістік аралағанды әдетке айналдырғалы қашан. Бүгінде нивамен біраз жерді шарлап, шаруалардың қам-қаркетін көзбен көріп қайтты. Нивадан асқан егістікке, құмға мінер темір тұлпар табу мүмкін емес.
Қалай аралау туралы хабар келеді аудан басшысы алдынға орынға жайғасады. Бәрімізге керегі осы. Өңірді бес саусағындай білгеннен соң шаруаларлың егістік орнын да жатқа біледі. Қысқа әрі тиімді тораптарды көрсетіп отырғаны жүргізушіге де жақсы.
Бүгін Ерлан Қыдыралыұлы арпа, қант қызылшасы, пияз егіп бастаған шаруалардың алқабында болып, су ұңғымасын қолданып отырған азаматтармен әңгімелесті.
Жаңбырлатып және тамшылатып суаруға кіріскен дала еңбеккерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.
Ақжігіт Жетпісбай
Аймақ
Share
Related Posts
МЕЙІРІМ МЕН ЖАНАШЫРЛЫҚ ТӨГІЛГЕН КҮН
Абай облысында көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі қаралды
«Қайрат» пен «Тобыл» ойыны кезінде жанкүйерлерге ауыз ашу үшін су мен құрма таратылады
Алматыда дәмханадан жеткізілген сусынды ішкен ер адамның өңеші күйіп қалған
Жамбыл облысында биыл 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі
Ел болашағына ортақ қадам
СЕНАТ ДЕПУАТТАРЫ САРЫСУДА
Comments
(0)
Add Comment