Неліктен кинотеатрларда қазақ тілді фильмдер жоқ — Министр Аида Балаева түсіндірді

Министр елімізде қазақ тіліне дубляж жасау мәселесімен киноматографияны қолдау орталығы айналысатынын айтты. Балаеваның сөзінше,  қазір бұл бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда қазақстандық компаниялар шетелдік кинопродюсерлердің қойған критерийлеріне сәйкес келмейді.

«Біз осы жылы бірнеше рет конкурс жарияладық, өкінішке қарай, біздің өндірушілер халықаралық компаниялардың талаптарына сәйкес келмейді. Оларда осы мультфильмдерді өндірушілер сұрайтын нақты сертификат жоқ. Мен индустрия өкілдерімен кездесіп, осы тәсілдерге заңнамалық өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз», — деп жауап берді Аида Балаева ОКҚ брифингінде.

https://stan.kz/nelikten-kazakstanda-filmder-memlekettik-tilde-dublyazh-389333/

Comments (0)
Add Comment