НЕКЕ ойыншық емес

Кейде адамдар некеге немқұрайлы қарайды. Үйлену деген өмірдегі өте маңызды қадам екенін түсінбейді. “Ұнамаса ажырасып кетем” деп некеге отыратындар да бар.
Бас қосқан адамыңа өте көп зат байланысты екенін түсінгісі келмейтіндер жетерлік. Сен ақылды бол, сұлу-әсем бол, бай-ауқатты бол, егер таңдаған жарыңнан қателессең өмірің бытшыт болады.
Иә, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Десе де, адам жар таңдағанда фигурасы мен сұлулығына емес, сөзі мен санасына, яғни тегіне қарау керек. Фундамент маңызды. Өкінішке орай, адам баласы эмоцияға берілгенде ми да, сана да, анализ де өшеді. Бір сүйіскеннен лағып кететіндер болады.
Талай алтын қыз-жігіттерді білемін. Жардан қателесіп, өмірлері бытшыт болды. Талай есерсоқы кеңкелес жандарды білемін. Жақсы жарға кезігіп адам болып кетті. Ер де, Әйел де, бір-бірін некеде түзейді, тек шыдам керек. Шыдам болмаған жерде ештеңе болмайды.
Өзімнің өмірлік тәжірибемнен айтайын, алғашқы 3-4 жыл өте маңызды. Алғашқы 3-4 жыл шыдасып кеткендер, көбінесе ажыраспайды. Әрине 14 жыл шыдайтындарды көріп жүрміз, бірақ ондайлар сирек. Сондықтан жар таңдағанда, сәл фундаментке қарау керек деп ойлаймын.
Жүрекпен емес, Мимен ойлаңдар. Милаңдар.
 Әлеуметтік желіден алынды
Comments (0)
Add Comment