Назарбаевтың кеңсесі 45 күн ішінде таратылады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің таратылатынын хабарлады. Министрдің айтуынша экс-президенттің кеңсесі 45 күн ішінде таратылатын болады. Сондай-ақ кеңсеге бөлінетін мемлекеттің 3 млрд теңге қаржысы өзге қажеттіліктерге жұмсалады.

«Заң аясында канцелярияның жұмысы тоқтатылады. Ондағы қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады, ал тағы бір бөлігі қысқаруға жатады. Бір жарым айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», — деді Жамаубаев.

БАҚ өкілдері «Назарбаевтың кеңсесін жапса, экс-президент қайда жұмыс істейді?» деп те сұрады.

«Мұны оның айналасындағы адамдардан сұраңыздар. Мен қайдан білейін. Олардан сұраңыз, басқа кеңселері бар шығар», — дейді вице-премьер.

«Қамшы» сілтейді

Comments (0)
Add Comment