«Назарбаевқа хат жаздым» — Құлбек Ергөбек

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазғанын айтты.

«Назарбаев билік басында тұрған кездің өзінде мен Өзбекәлі Жәнібеков жайында естелік кітаптар құрастырдым. Қуаныш Сұлтанов арқылы көптеген кеңестік қайраткерлердің естелігін алдырдық. Естелік кітабын құрастыру барысында Нұрекеңе (Назарбаев) хат жаздым. «Сіздің комсомолдағы ұстазыңыз, уақытында не болса болған шығар, бірақ сіз енді кемел шағыңызға келгенде Өзбекәлі Жәнібековтей ұстазыңызды көз алдыңызға елестетіп, естелік жазып беріңізші» деп Айдос Үкібай арқылы Нұрекеңе жеткіздім хатты. Оған жауап ала алмадым. Бірақ Нұрекең «Менің өмірім» деп кітап жазды ғой. Сонда Өзбекәлі Жәнібековті керемет бағалапты. Мырзатай Жолдасбеков, Қуаныш Сұлтановтың, бәріміздің ұстазымыз және ұлт ұстазы бола білді деп жазыпты. Дәл осылай бағалауға менің хатымның да әсері бар ғой деймін. Бұл – мойындау. Дегенмен, Өзбекәлі Жәнібековке ұлт ұстазы деген бағаны оның көзі тірісі кезінде бермей-ақ қойсын, дүниеден көшерінде, дүниеден көшкен сәтте беруі керек еді ғой. Сосын оның қайраткерілк сабағын бүгінгі күнге  пайдалануымыз керек еді ғой. Біздің салт-санамызды сипаттап кеткен еңбегін де пайдаланбадық қой отыз жылда», — деді жазушы-ғалым.

https://www.adaladam.kz/stories/3001-nazarbaevqa-xat-zazdym-qulbek-ergobek?fbclid=IwY2xjawI6dmpleHRuA2FlbQIxMQABHVuswpBgvoP9nJG28NuiKN2xmv0VYHQD2ua-dHbmO2zjYW01i5CcIqxaCg_aem_5ihY7CuBfeKOdikcEO64iQ

Comments (0)
Add Comment