Назарбаев Түркістан құрылысын жеделдетуге уәде берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан құрылысын жеделдетіп, оны тез арада дамытуға уәде берді.

«(… ) Түркістанды тез арада дамытамыз. Онда жақсы туристік орталық жасау керек. Қазірдің өзінде туристер барып жатыр, 100 мың турист болып қалды… Олардың санын әлі көбейтуге болады», — деді Назарбаев Ақмола облысындағы туристік нысандардың біріне бару кезінде.

Президенттің айтуынша, ол Қазақстанның барлық тоғыз курорттық жеріне барып қайтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Алакөлге қатысты тапсырмалар берді.

tengrinews.kz

Comments (0)
Add Comment