Наурыздың соңына дейін Жерде үш рет магниттік дауыл болады

Күн астрономиясын зерттеуші лабораториясының болжамынша, 26, 30 және 31 наурызда Жерді G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басады. Магнитосфера 21, 25 және 27 наурыз күндері мазасыз күйде болады. Бұдан бөлек, 11 сәуірде магниттік дауыл қайталануы мүмкін.

Мамандар күндегі белсенділіктің 2023 жылы аяқасты қарқын алғанын айтады. Ақпан айының ортасында жоғары класстағы жарылыс бес рет тіркелген, ал былтыр бұл көрсеткіш бір жылда тек жеті рет болған болса, 2021 жылы үш рет қана. Күндегі белсенділіктің артуы болжамнан да асып түскен.

Магнитті дауылдың барлығы бес түрлі классификациялық деңгейі бар – G1 ден G5-ке дейін. Ең төменгі деңгейдің өзі жер бетіндегі энергетикалық жүйесіне зақым келтіріп, көшіп-қонып жүрген құстар мен жануарлардың жүрісіне әсер етеді екен.

https://turkystan.kz/article/217640-nauryzdyn-sonyna-deyin-zherde-ush-ret-magnittik-dauyl-bolady/

Comments (0)
Add Comment