Қайрат Нұртастың анасы үй тазалап, нәпақасын тауып жүрген қыздарды мақтап, «олар біреудің шаңырағын шайқалтып жүргендерден жақсы» деп салыстырды.
“Адал жолмен тапқан табыстың жан рахатын сол жолмен жүрген адам ғана бағалай біледі. Ал дайын асқа тік қасық болып, біреудің шаңырағын шайқалтып, көкек болып жүргендер де жоқ емес. Сіз қайсысына мысқылдап қараушы едіңіз. Негізі өздері-ақ жуып-тазалап алмайды дегендерге айтарым: Біреу адал еңбегімен менен нәпақа тауып жатса қуанамын. Табуына себепкер бола алғаным үшін Аллаға мың алғыс. Біржағы келіндеріме көмек болсын деймін”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
- «Баласымен жағаласып жүр»: Нұртас Айдарбеков өзін сынайтындарға жауап берді
- «Менің де кемшілігім көп»: Гүлзира Айдарбекова қандай ене екенін айтты
Одан кейін продюсер жас күнінде базарға шығып, сауда жасағанын айтқанда күлетін жандарға да ескерту жасады.
“Кейде менің базарға шығып бастағанмын” деген сөзіме күлетіндер бар. Сіздер білесіздер ме, мен сол жолдармен жүргеніме қуанамын. Еш өкінбеймін. Алла шебер, берер жақсылығы көп. Тек сабырмен күтіңіздер!”, – деп жауап жазды продюсер.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың ата-анасы шетелге көшуге қатысты пікір білдірген еді.