МУЗЕЙГЕ СЫЙ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Бүгін аудандық тарихи –өлкетану музейінде “Музейге сый – ұрпаққа аманат» атты акция өтті.
Акцияның мақсаты аудан тұрғындарын тарихымызда аты алтын әріппен жазылып қалған танымал тұлғалардың жеке заттары, қолжазбалар мен көне баспалар, тұрмыстық бұйымдар мен тарихи жәдігерлерді музей қорына тапсыруға, ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды жинақтауға арналған.
Іс-шараға аудан ардагерлері, ауылдық округ әкімдері, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Атап өтетін болсақ, бүгін музей қоры VII-XII ғасырларға жататын Бектөбе қалашығынан табылған арабша жазуы бар кірпіш жәдігерімен толықты. Оны музейге Бектөбе ауылынан А.Асанов сыйға тартты.
Белгілі жазушы-драматург, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтық иегері жерлесіміз Әкім Таразидің жеке заттары мен кітаптарын Көлқайнар ауылдық округі әкімі А. Қонаров табыстады. Ал аудандақ ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сырлыбаев, Ақбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Пірімқұлов, Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Байдалиев кеңес үкіметі кезінде пайдаланған тұрмыстық заттарды ұсынды. Бұл жәдігерлер жоғары тарихи құндылыққа ие, сондықтан музей экспозициясында лайықты орын алатыны сөзсіз.
Comments (0)
Add Comment