Мұрын неге жиі қанайды?

Жаз мезгілінде таныстарыңыздың мұрны жиі қанайтынын байқайтын боларсыз. Бұл әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен мұрын неге қанайды?

Мұрынның тітіркенуі. Аллергия, химиялық заттар секілді факторларға байланысты мұрын шырышты қабығының тітіркенуі мұрыннан қан кету ықтималдығын арттыруы мүмкін. Бұл жағдайда мұрын жолдарын таза ұстау қан кету жиілігін азайтуға көмектеседі.

Құрғақ ауа. Құрғақ климат немесе біз ұзақ отырған бөлмедегі ыстық ауа мұрыннан қан кетуге әкелуі мүмкін. Олар мұрын шырыштысын тітіркендіреді. Онда қышитын қабықшалар пайда болып, нәтижесінде мұрын қанайды.

Мұрын инфекциясы. Синусит немесе суық тию секілді инфекциялар мұрынның қабынуына және бітелуіне әкелуі мүмкін. Бұл мұрыннан қан кету қаупін арттырады. Негізгі инфекцияны емдеу және гигиенаны сақтау мұрыннан қан кетудің алдын алуға көмектеседі.

Созылмалы ауру. Қан ұйығыштығын бұзатын аурулар жиі мұрын қанауының себебі болады. Оларға бүйрек патологиясы, бауыр аурулары және ішімдікке салыну жатады.

Жоғары қан қысымы. Қан қысымы қатты жоғары болған кезде қандағы эритроциттер дұрыс жұмыс істемейді. Ал созылмалы гипертония кезінде маңызды органдарға және бұлшықет тіндеріне қанның құйылуы нашарлай түседі. Қан тамырлардың қабырғалары әлсірейді, ал ол қан кетуге әкеледі.

Егер бұл мәселе сізді жиі мазалайтын болса, дәрігерге барғаныңыз жөн.

Comments (0)
Add Comment