МҰРАЖАЙДАҒЫ ТАРИХ САБАҒЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» мен облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мұражайлар қызметкерлері ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында «Мұражай педагогикасы» жобасы аясында №39 И. В. Панфилов атындағы мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушыларына арналған «1986 жыл: Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында мұражайдағы тарих сабағын өткізді.
Сабақта «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-ның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы С.Қонарбаев, мүшесі Г.Тоқабаева және Ж.Сабрайым қатысып, 1986 жылы болған тарихи оқиға мен жолындағы маңызы туралы мазмұнды естеліктерімен бөлісті.
Мұражайдағы тарих сабағында жас жеткіншектер үшін сабақты мұражайда өткізудің маңыздылығын, оның қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ел тарихымен танысуға, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге және Тәуелсіздік пен теңдік, егемендік пен мемлекеттілік ұғымдарын терең түсінуге мүмкіндік беретінін атап өттім.
Сұлушаш Құрманбекова
Comments (0)
Add Comment