Видеодан скриншот
Оқиға Ақтауда 28А шағынауданында орналасқан №4 үйде болған.
Ер адам секірер алдында «мен мұндай қылмысты істеген жоқпын» деп өзіне пышақ сұғады. Ол төртінші қабаттан секіріп, мерт болды.
«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті.
Олар барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын баса айтты.
Пікір қалдыру