Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай арзандады, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қазанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 1,82 долларға арзандап, 72,39 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,1 долларға түсіп, 67,66 доллар болды.