Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді

Бейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары айтарлықтай төмендеді.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,71 долларға төмендеп, 72,75 долларды құрады.

Ал, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 1,62 долларға арзандап, 63,69 доллар болды.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment