Мұқтаж отбасыға жәрдемдесті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жаны жомарт, қайсар қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өзгелерге үлгі боларлық үлкен қайырымдылық іс-шаралары үнемі өткізіліп отырады. Бұл олардың міндетіне жатпаса да, уақыт тауып, арасында аса мұқтаж отбасыларды, ондағы кішкентай балаларды қуантуға асығады.

Мысалы, осы бағытта департаментке бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің бастығының  орынбасары, әділет подполковнигі Бақытжан Қасымбековтың және кадр бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты Айгүл Жүнісованың ұйымдастыруымен және жеке құрамның қолдауымен көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыға қолдан келгенше көмек берілді.

Осылайша, мекеме қызметкерлері қажетті азық-түліктерін алып, жағдайы төмен отбасыға бірінші кезекте қажетті азық-түлік таратты. Бұл іс-шара жеке құрамның халықпен тығыз байланыста болуына бастайды. Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлерінің жан жылытар қамқорлықты сезінген тұрғындар игі іске ұйытқы болған жандарға өз алғыстарын білдірді.

– Қамқорлығын танытқан жандарға үлкен алғысымызды айтамыз. Бізге азық-түлік әкеліп берді. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз!, – деп ыстық лебіздерін білдірді.

– Дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Ең бастысы, еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, – дейді әділет подполковнигі Бақытжан Қасымбеков.

Comments (0)
Add Comment