Мойынқұмдық оқушылар облыстық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті

2025–2026 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Мойынқұм ауданының 29 дарынды оқушысы жолдама алып, бағын сынады. Білім додасында аудан намысын қорғаған оқушылардың ішінен 5 шәкірт жүлдегер атанып, аудан мерейін асырды.
Жеңімпаздарды Мойынқұм аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Мұқашев арнайы қабылдап, дипломдары мен медальдарын салтанатты түрде табыстады. Басшы оқушыларды құттықтай отырып, олардың ізденісі мен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
Жүлделі орын алған оқушылар:
Серікбай Нұрайлы – Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп, ІІ орын (орыс тілі);
Тұрсын Диана – Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп, ІІІ орын (биология);
Амантай Аян – Шығанақ орта мектебі, ІІІ орын (ағылшын тілі);
Доғдырхан Айша – Жамбыл мектеп-гимназиясы, ІІІ орын (Қазақстан тарихы);
Әбіл Айым – М.Жұмабаев мектеп-лицейі, ІІІ орын (Қазақстан тарихы).
Бұдан бөлек, жақсы дайындық көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінген 3 оқушы арнайы грамотамен марапатталды:
Байділді Томирис – Т.Рысқұлов тірек мектебі;
Теңізбай Адела – Мыңарал орта мектебі;
Рысбай Дінмұхаммед – Амангелді орта мектебі.
Бұл нәтиже – ұстаздардың еңбегінің, ата-аналардың қолдауының және оқушылардың табандылығының жемісі. Мойынқұмдық жас зияткерлерге алда талай белестерді бағындыруды тілейміз.
Жарайсыңдар, жігіттер мен қыздар! Алға, Мойынқұмның білімді жастары!
Comments (0)
Add Comment