«Қыс шанаңды жаз сайла» дейді қазақ даналығы. Расында қыс қыр астында. Осы кезеңде төтенше жағдайлар жиілеп кететіні белгілі. Әсіресе қар
басқан ауылдар мен тайғақ жолдағы апаттар қос бүйірден қысатыны бар.Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Әмірханов Ақбақай, Мирный ауылдарына арнайы барып қайтты.
Атап айтқанда Ақбақай ауылындағы орта мектептің қысқы жылыту маусымына дайындығы, қазандығының жәй-күйін анықтап қайтты.
Одан кейін Мирный ауылындағы ауыз су мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, аталған мәселені толық зерделеді. Әрине биыл қыс қалай болатындығын ешкім дөп басып айта алмайды.
Мойынқұм ауданы