Мойынқұм ауданының жаңа прокуроры таныстырылды

Мойынқұм ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан басшысы Ермек Карентаевтың қатысуымен ауданның жаңа прокуроры таныстырылды. Бұл лауазымға Бекмұратов Қайсар Мұратұлы тағайындалды.
Білімі:
– М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
– Қазақ ұлттық университеті
Құқықтану мамандығы бойынша
Еңбек жолы:
Қайсар Мұратұлы прокуратура саласында 2012 жылдан бері жұмыс істейді.
Әр жылдары Жамбыл облысы прокуратурасының бірнеше басқармаларында және аудандық прокуратураларда түрлі жауапты қызметтер атқарған.
Соңғы тағайындалғанға дейін Абай облысы Мақаншы ауданының прокуроры болған.
Мойынқұм ауданының құқықтық тәртібін қамтамасыз ету жолындағы жұмысына сәттілік тілейміз! 
Елімізге адал қызмет етуіне тілектеспіз! 
Comments (0)
Add Comment