Мойынқұм ауданындағы оқиға – басты назарда

Жастар арасында болған құқықбұзушылыққа байланысты тиісті органдар шұғыл әрекет етуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл істе ешқандай кешірім болмайды – күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады.
Жастар – ел болашағы. Сондықтан тәртіп пен заңды сақтау, адамгершілік пен жауапкершілікті сезіну – әрбір жастың борышы. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – өзара құрмет пен мейірімнен басталады.
Барша жастарды тәртіпті болуға, бір-біріне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға, арандатушылықтан аулақ болуға шақырамын.
Біздің басты мақсатымыз – қауіпсіз, әділетті және бірлікке негізделген қоғам құру.
Comments (0)
Add Comment