Моңғолияның 2009-2017 жылдар аралағында Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Ресей президенті Владимир Путиннің Америка тележүргізушісі Такер Карлсонға берген сұхбатына байланысты реакция білдіріп, Моңғолияның картасын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Путиннің сұхбатынан кейін Моңғолияның тарихи картасын қарап шықтым. Уайымдамаңыздар. Біз бейбіт әрі еркін ұлтпыз, — деп жазды.
Оның жария еткен картасында Ресейдің оңтүстік бөлігі мен Қазақстанның территориясы толықтай моңғолдардың иелігінде екенін көруге болады. Бұл Алтын Орданың картасы болуы мүмкін.
Такер Карлсонға берген сұхбатында Путин Украинаға басқыншылық соғысын түсіндіріп, «Украинаның бір бөлігі орыстардың тарихи жері» деген мәлімдеме жасады.