Мобилографтар арасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған байқау өз мәресіне жетті.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады
«Конкурс нәтижесіне көңіл толады. Әлеуметтік желілерде Ұлы дала дүбірін жан-жақты насихаттап, белсенділік танытқан барлық қатысушыға ризашылық білдіреміз. Сайысқа 2500-ге жуық азамат қатысты. Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолиядан да мобилографтар атсалысты. Енді байқауға келіп түскен жұмыстардың қорытындысы туралы баян етейік.
— TikTok желісінде 616 видео жарияланып, қаралым саны 5 779 909 жетті.
— Instagram желісінде 636 рилс жарық көріп, 4 587 129 рет қаралды.
— WhatsApp және Telegram статусындағы орташа қаралымдар – 80 000.
— Жасырын қаралымдар – 19 000.
— YouTube Shorts: қаралым саны – 6 249 178.
Көшпенділер ойындары туралы түсірілген видеолардың жалпы қаралымы – 16 715 216.
Бір қуантарлығы, видеолар ел ішінде өте жылдам таралып жатыр. Мысалы, бір промо-ролик бір күнде 6 миллион рет қаралған. Бұл – үлкен көрсеткіш. Сондықтан байқау аяқталғанға дейін видеолардың қаралымы да арта түсетіні сөзсіз. Байқаудың қорытындысы келесі аптада шығады», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
https://turkystan.kz/article/248537-mobilograftar-arasynda-duniezhuzilik-koshpendiler-oiyndary-turaly-baikau-aiaktaldy