Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары жүруде

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында облыстың бас дәрігері аймақтағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, «100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 80 қадамын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен арнайы Штаб құрылып, облыстық мәслихат шешімімен штаб құрамы бекітілген. Сондай-ақ, аталған бағытты халыққа түсіндіру мақсатында жыл басынан облыстық штабтың 20 отырысы өткізіліп, Тараз қаласының, Шу, Қордай, Жуалы аудандарының есептері тыңдалған.

– Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен аудан және Тараз қаласының әкімдері арасында келісімге қол қойылды. 8 айдың қорытындысы бойынша 330834 мың адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қаладағы санаты анықталмаған азаматтар бойынша үй-үйді аралап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың басынан қала бойынша жалпы 10 430 үй араланды, – деді М. Жұманқұлов.

Сонымен қатар, жиын барысында басқарма басшысы Тараз қаласы мен аудан әкімдері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Жамбыл облысы бойынша филиалы  жүргізген жұмыстарға тоқталып өтті.

Comments (0)
Add Comment