Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогінде күміс медаль жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогінде күміс медаль жеңіп алды: 12 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Бүгін Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті жаттығудағы финалдары өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Керме дисциплинасында Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими 2-орын алды. Ол финалда 14.933 ұпай жинады.

Жүлдегерлер:
1. Танг Чиа-Хун (Тайпей) 15.233 балл
2. Милад Карими (Қазақстан) 14.933 балл
3. Анхель Барахас (Колумбия) 14.833 балл

Айта кетейік, Қазақстан командасы Осиектігі доданы 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтады. Кеше тұтқалы ат снарядында Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279630-milad-karimi-xorvatiiadagy-alem-kuboginde-kumis-medal-zenip-aldy

Comments (0)
Add Comment