Мидың 2-бөлігі неге жалқау?

Адам миының тек 10 пайызын ғана кәдеге жарата алады деген мифті барлығымыз естіген болармыз? Немесе осы фактоидты теріске шығаратын аргументтерді де жиі кездестіреміз.Жалпы мидың жұмысына қатысты түрлі миф пен болжам көп. Дегенмен, бір нәрсе анық: біз аса қатты ойланып, оған күш түсіргенді ұната қоймаймыз. Тіпті, артық ойланбау үшін қаншама технологиялық эволюцияны бастан өткердік.
Бәрі дайын, артық күш салудың қажеті қанша?

Біз күнделікті, таныс тірлікті көп ойланбастан автоматты түрде орын­­даймыз. Жаңа ақпараттың да тү­сінікті әрі қарапайым түрде берілгенін ұна­тамыз. Қазір бұл үрдіс тіптен қарқын ал­ды. Романдар мен эпопеяларды айту­дың өзі артық, ұзақ посттар, жазбаларды оқу­ға ерінеміз. Контентмейкерлер қо­ғам­ның сұранысы мен назары үшін кү­рес жолында мәтін атаулыны қысқартып ке­леді, қысқартып келеді.

Сонымен, ой жалқаулығының се­бебі неде? Неліктен адамдар есей­ген сайын миын шаршатқысы келмейді? Есте сақтау қабілетінің нашарлауы екі­нің бірін мазалайтынына не себеп?

Мидағы екеу

Сонымен, біздің миымызда екі түр­лі ойлау жүйесі жұмыс істейді. Пси­­хологтар ғылыми түрде олар­ды бірін­ші жүйе, екінші жүйе деп екіге жік­тейді. Дегенмен дәл қазіргі жағдайда ант­ромор­физмді көмекке шақырып, олар­ды нақты кейіпкер ретінде баяндап тү­сіндіргеніміз әлде­қай­да жөн болады. Мә­­селен, Берік пен Серік деп алайық.

Берік – екін­ші жүйе, ол сіздің өзі­ңіз, са­наңыз, ішкі дауысыңыз­дың иесі. Ол нұсқау мен ережеге бағына ала­ды, 13-ті 7-ге көбейт десе, сол есеп­­­­тейді, шы­­­ғарма жаз десе, сол жазады. Негізі, ол – қозғалуы қиын көк жалқау, оған қоса баяу қи­мыл­дай­ды. Бірақ барлығын өте мұқият орын­дай­ды. Қателерді анықтап, тауып, түзей ала­­ды, сараптап, саралайды. Яғни, ақыл­ды.

Ал бірінші жүйе – Cеріктің б­ақы­лауын­да. Ол өте асығыс, өйт­кені оның шар­уасы басы­нан асады. Бір сәт дамыл­дау­ға уақыты жоқ. Оған сіздің сезім мү­ше­ле­ріңізден түскен қаншама ақпаратты қа­был­дап, өңдеп отыру керек. Ол ең ке­рек­тілерін ғана алады, қалғандарын ой­­­­лан­бас­тан лақтырып тастап отырады. Яғ­ни, фон­дық режимде жұмыс істейді, де­ген­мен оның жұмысы сіздің са­наңыз­дағы негізгі ойлардың іргетасын қалай­ды.

Берік бұрын-соңды естіп-көрмеген, жаңа әрі қысқа ақпараттармен ға­на жұмыс істейді. Ол қысқа ақпаратты қай­талай берсе немесе бірнеше рет сол нәр­семен жұмыс істесе, жалығады да, бұл жұ­мысты Серікке береді. Яғни, адам бұл ақ­паратты есіне сақтап, бекітеді. Асық­пай, мұқият, бірнеше рет қайталаған іс-әрекет өз жемісін береді.
Демек, әлгі ақпарат дерек қысқа-
мер­зімді есте сақтау жүйесінен ұзақмерзімді есте сақтау жүйесіне өтеді. Са­наға әбден бекіген білім не дағдыға не машыққа айналады. Тек енді Беріктің маң­дай терімен келген бұл машықты Серік автоматтандыра алуы керек.

Осы жерде Абайдың «Естіген нәр­сені ұмытпастыққа төрт түрлі се­беп бар..» деп басталатын 31-қара сөзі ес­ке түседі. Қара сөзде жаңа ақпаратты то­лық есте сақтап, санаға тоқу үшін төрт шарт айтылады. Әуелі – көкіректің бе­рік­тігі, екінші – ынта, үшінші – қайталау, төр­тінші ойды бөлетін дүниелерден қа­шық болу.
Демек, мұның барлығы Беріктің сақтауға тиіс қағидалары.

Миға шабуыл

Солайша, барлық күнделікті тір­лік­ті Серік атқарғандықтан, Берік жал­қаулау болады. Келіп түскен ақпарат­ты Серік бірінші қабылдайды, оған мәлі­мет таныс болса, Берік оған уақыт кеті­ріп қайтеді?

Егер Серік таныс емес ақпаратқа тап болып, бірден жауап бере ал­ма­са, оны қалай қорытарын білмей, Бе­рік­­ке береді.

Көптеген интеллектуалдық ойын­ның сауалдары мен виктори­на­лар, когнитивті тесттер осы Серікті ша­тас­тырып, Берікті ойландырмау үшін әдейі қитұрқы етіп ойластырылады. Се­рік әлгі сұрақты білемін деп ойлап, до­сын мазаламай-ақ өзі реттей салуға асы­­­­ғады.

Жарнама агенттіктері, сән үйлері, жалпы адам назарын аудартуға ты­рысқан қай адам болмасын, Серікке та­ныс емес, Беріктің назарын аударуға ты­рысатын жол іздейді. Яғни, ерекшелік, өз­гешелік іздейді.
Бұл екеуінің қалай жұмыс істей­тінін білу білім берудегі методи­ка­­ны әзірлеуде де аса маңызды. Лекция фор­матындағы сабақ өте ұзақ әрі көп ақ­параттан тұратындықтан, соншама кө­лемді ақпаратты есте сақтау қиын бо­лады. Ал талқылау, семинар түрінде өте­тін, ойлан­ды­ра­тын сабақтардан, кері­сін­ше ес­те қалатын бі­лім көп. Есте сақ­таудың мнемоникалық әдістері, бұрын­­нан таныс ақпаратқа ұқсас мәлі­мет­терді жат­таудың пайдасы көп екені сондықтан. Осы себепті де, қазіргі білім беру жүйе­сін­де білім алушыдан көбірек еңбек та­лап етіледі.

Шет тілін үйренгенде де Беріктің ты­нымсыз еңбек етуі аса маңыз­­­ды. Ол жұмыс істеп, бәрін қор­ы­тып, есте сақтау арқылы ақпаратты Се­рік­­­ке беруі керек, сонда ғана адам бір тіл­­ді меңгеріп кете алады.
Дегенмен Берікті жұмыс істету үшін үлкен ерік-жігер керек. Біз­ге бұрыннан білетін, үйренген, машық­тан­ған істерді істеу оңай. Жаңа нәрсе үй­рену үлкен энергияны қажет етеді.

Жасы келген сайын адамдар жаңа білімге ұмтыла бермейтінін де осы нәр­се­мен түсіндіруге болады. Адамға сол кез­ге дейін жинаған тәжірибесін ав­то­матты түрде орындау қолайлы, оның, әри­­не себебі де жоқ емес. Бірақ бұл – есте сақ­тау қабілетінің нашарлауы, ұмыт­шақ­тық сияқты зиянды жемістерін береді.

Яғни Серік дамылсыз жұмыс істей береді, ал Берік мүлде ұмыт қа­ла­ды, сөй­тіп ақырында мүлдем саптан шы­ғып қалуы мүмкін. Жасы келген адам­дарға әр­түрлі сөзжұмбақ, кроссвордтар шешу тура­лы көп кеңес берілетіні де осы себепті.

Ал сіздің миыңызда кім көбірек жұмыс істейді – Берік пе, әлде Серік пе?

Дамыған технологиялар, жасан­ды интеллект Беріктің жұмысын әл­деқайда азайтты, ал қазір тіпті орнын ба­сып алуға да мүдделі болып отыр. Сон­дықтан оқу мәдениеті, ой еңбегі бізге аса қажет. Жер-жердегі ғалымдар жасанды ин­теллект пен адамның ақыл-ойы ара­сындағы тартысты бақылайтын күн де жа­қындап келе жатқанын қазірден ай­тып жатыр.

Comments (0)
Add Comment