Мейрамханаларда көрсетілген қызмет үшін 10 пайыз ақы алу заңды ма

Маман жауап берді

Фото: elements.envato.com

Көптеген мейрамхана мен кафе клиент чегіне 10% мөлшерінде қызмет көрсету бағасын қосады. Бұл қаншалықты заңды және оны төлеуден бас тартуға бола ма? Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол мұндай қызмет көрсету үшін қосылатын пайыз елдегі көп тамақтану орындарында барын айтты.

“Қызмет көрсеткен үшін ақша төлеу бойынша бұл “Тұтынушлырдардың құқықтарын қорғау” заңында көрсетілмеген. Бұл тек адамды төлеуге міндеттеу. Ол заңсыз болады. Бірақ жалпы кафе, мейрамханаларда пайыз қоймаңдар деген заң қарастырылмаған. Сондықтан бұл көрініс біздің елде көп жерде жүріп жатыр. Келешекте заң органдары бұл мәселелерді қарастырады. Біздің қойған ұсыныстарымыздың арқасында бұл қолға алынады деп ойлаймын”, – деді Байқадам Дүйсенбаев.

Comments (0)
Add Comment