«Мейрамбектің соңғы кеші…»: Мейрамбек Беспеавтың жары шындықтың бетін ашты

Кезінде Мейрамбек Беспеавтың ауыр дертпен күресіп, қатты жүдеп кеткені халықтың есінде. Басылым беттеріне сұхбат бере бермейтін әнші Хабар арнасындағы «Елге сәлем» бағдарламасында басынан өткен қиындықтары туралы айтты. Мейрамбектің жары Мархабат болса оның сахнаға оралатынына күмәні болмағанын айтты.

«Ол кезде Кәусарға аяғым ауыр. Мейрамбек арықтай бастады, елдің бәрі: «Әйелі тастап кетіпті, кетіп қалыпты» деп оны сахнаға қайта келмейтіндей көрді. Ары қарай не болғанын айтпай-ақ қояйын. Мейрамбектің сахнаға оралатынына, жазылып кететініне сендім. Оның артында қызы бар, әке-шешесі, мен бармын. Сол себепті ешқандай күмән болмады. Сол сенімнің арқасында ол сахнаға қайта оралды»,- деді әншінің жары.

Мейрамбектің өзі бірден 30 келі салмақ тастаған кезде дертінің диагнозын білмеген. Сахнаға қайта оралмай қалуым мүмкін деген әнші арнайы әнде жаздырып, орындаған.

«Тоқырау кезеңі кез-келген өнер адамында болады деп ойлаймын. Ауырған кездеріңде өнерге ешқандай құлқың жоқ, зауқың соқпайды. Тіптен ән айтқың да келмейді. Өзіңмен өзің басыңмен қайғы болып жатқан кездер. Басында қандай диагноз екенін білмедік, түрлі жаман аурулар болар деп ойладық. Сосын ақын Қалқаман Саринге өтініш жасап, осыдан кейін ән бола ма, болмай ма деп «Махаббатым қайдасың қайда?» деген әнді жазғанбыз.

Әлі есімнен кетпейді, он метр жүрсем тоқтап қаламын. Бір айда 30-35 келі салмақ тастағанда үрей пайда болды. Сонда да өз-өзімді қинап, жазуым керек деп студияға келіп әнді әрең дегенде айтып шыққан болатынмын»,- деді Мейрамбек.

Еске салсақ, бір кездері Мейрамбек Беспаев ауыр дертке шалдығып, біраз уақыт сахнаға шықпай, емделген болатын. Сүйікті әншілерінің жүдеу түрін көрген тыңдармандары оның амандығы үшін үздіксіз дұға тілеп, Республика сарайындағы «Музарт» тобының концертіне «Мейрамбектің соңғы кеші екен» деп ағылған болатын. Бір сұхбатында әнші: «Халықтың батасы мен тілегінің арқасында аман қалдым» деп айтқан еді.

qazbrand.info

Comments (0)
Add Comment