Мейірхан Меркіге оралды

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурстың қорытынды мәжілісінің №4 хаттамасы негізінде, аудан әкімінің 2024 жылғы 10-қаңтардағы №11-Ж/Қ өкімімен Өмірбек Мейірхан Азатұлы Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мейірхан Азатұлы 1969 жылы 19-наурызда Меркі ауданы, Ақтоған ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
1992 жылы Абай атындағы Еңбек қызыл ту ордені Қазақ педагогикалық университетін «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Меркі ауданындағы «Большевик» колхозында жұмысшы болып бастаған. 1989-1997 жылдары Ақтоған ауылындағы №4 орта мектепте тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, 1997-2001 жылдары Ақтоған ауылындағы №4 орта мектептің директоры, 2001-2005 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2007-2010 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2012 жылдары Ақтоған ауылдық округінің әкімі, 2012-2014 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2014-2016 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2021 жылдары Меркі ауданының әкімі болып қызмет атқарған.
2022 жылдың желтоқсаны – 2023 жылдың желтоқсан айлары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Comments (0)
Add Comment