Жасақ бастығы-сотталған адамның бас бостандығынан айыру орнындағы ең жақын жанашыры. Жазасын өтеушілердің қоғамға қайтадан қалыпты азамат болып оралуына ең көп еңбек сіңіретін де жасақ бастығы.
Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде 9 жасақ бастығы жұмыс істейді. 14-маусым жасақ бастықтарының кәсіби мерекесіне орай мекеменің тәртіпті, мейірімді, еңбекқор жасақ бастығын атап өткенді жөн көрдік. Ол №59 мекемесінің қызметкері №2жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Байсеитов Аят Қазханұлы, ҚР ІІМ Павлодар заң колледжінің түлегі.
Осылай өзінің еңбексүйгіштігімен ерекшеленіп, тынымсыз ізденісте жүретін кәсіби маман отбасында да 3 ұл 1 қыздың үлгілі әкесі. Атаулы мерекеге орай, осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасына амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс тілейміз!