Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген кезекті хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Мешітке қыздарым сабаққа барып жүрген. Әйел кісіні көріпті, айтуларынша үсті жамау, денесі көгерген. Өзім телефонмен сөйлестім, баласын жиеніне беріпті, балалары ұсақ екен, курткасы қан деді. Қарны ашып қыздардан ас сұрапты. Туалетке қонып жүрген көрінеді.Үйге кел десем жолдасым тауып алады деп келмеді. Дағдарыс орталығына бармаймын деп телефон да безілдеді. Ертеңге дейін отырамын депті. Бірақ жолдасы кезінде дағдарыс орталығынан алып кеткен сияқты.Ертең үйден тамақ, киімдер беріп жіберемін деген едім. Көңілім орнына түспей тұр. Арақтың исі шығады екен, күйіктен ішіп жатырмын депті. Қызылорда қаласында болған жағдай», — деп жазған оқырман.
https://buginmedia.kz/538/meshitti-d-rethanasynda-ty-ylyp-mir-s-redi-yeldi-s-mdy-o-i-asy-eldi-shoshytty?fbclid=IwY2xjawGn9S1leHRuA2FlbQIxMQABHRG7s8vZqlge4WF3ycqQoWT-bzmHV8IKxbO5gme_7QZFzIcYJ8gZ1fM49g_aem_6ysrxU0DWoCId3BApHH2Bw
Фото: tripadvisor.com