Кеше Меркі ауданының Ақарал ауылдық округінде бидай алқабы өртке оранды, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тілсіз жау егістіктің 2 учаскесіне тараған. Нәтижесінде, 1-ші учаскеде 5 гектар, 2-ші учаскеде 4 гектар алқапты от жалмаған. 15:15-те тұтанған жалын 16:08-де оқшауланып, сағат 17:20-да толық сөндірілген.
Өрт ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жыұмыстары қызметінің», Ақарал және Меркі ауылдық округтерінен шыққан жалпы саны 29 адам және 7 техника күшімен ауыздықталды.