2022 жылғы 20 қазан күні сағат 14:00 шамасында Меркі ауданындағы қант зауытында қызылша қабылдау жұмысы уақытша тоқтатылған.
Оған зауыттағы тәтті түбірді түсіретін арнайы 2 техниканың (бурто-укладочная машина) бірден істен шығуы себеп болған. 21 қазан күні сағат 14:00-де бұл техникалар жөнделіп, қабылдау жұмыстары жалғасуда.
Зауытта қант қызылшасын түсіріп, жинауға арналған 4 техника жұмыс істейді. Одан бөлек, тәтті түбір таситын жүк көліктерін кезек күттірмес үшін арнайы орынға өнімді төгуге мүмкіндік беріліп отыр.
Сонымен бірге, бұған дейін қабылдау жұмыстары сағат 7:00-ден 20:30-ға дейін жүргізілсе, бүгіннен бастан түнгі 00:00-ге дейін жүргізіледі.
Жалпы бүгінгі күні 81 128 тонна өнім жиналса, 58 618 тоннасы зауытқа өткізілген.
Тасымалдаушы жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қант қызылшасын қабылдау туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы,
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Қарғабаев Нұржан Қуанышбекұлы,
«Меркі қанты» ЖШС директоры
Жамбыл облыстық «Әулие ата» қант қызылшашылар ассосациясының төрағасы.