Меркі аудандық орталық ауруханасына жаңа басшы тағайындалды

Казангапова Гулнур Калдибековна, 1982 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданыда дүниеге келген.
2005 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының «емдеу ісі » мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласының Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында невропатолог-дәрігер қызметінен бастады.
2007-2011 жылдары Қарағанды облысының Асқаров аудандық орталық ауруханасына невропатолог-дәрігер болып жұмыс атқарды;
2011-2013 жылдары Қарағанды облысында Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында невропатолог-дәрігер;
2013-2019 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасының неврология бөлімшесінде невропатолог-дәрігер;
2019- 2020 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасының күндізгі емдеу бөлімшесінің меңгерушісі;
2020-2023 жылдары Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының медициналық оңалту бөлімшесінің меңгерушісі;
2023 жылдың маусым айынан бастапл Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылдың 03 қазан күнінен бастап Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының Бас дәрігерінің міндетін атқарды
Comments (0)
Add Comment