Мерейді тасытқан мереке

Бүгін “Анаға тағзым” орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов БАҚ саласындағы қыз-келіншектермен кездесті.

Алғашқы болып сөз алған Жаңабай Миллионов осы салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың еңбегін ерекше атап өтіп, алда келе жатқан мерекемен құттықтады. Арнайы ақ дастархан жайылып, еркін форматта әңгіме өрбіді.

Салтанатты жиында “Aulieata-Media” ЖШС- ның директоры Оралхан Дәуіт, “Jambyl” телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева, Aulieata-Media” ЖШС бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев, “Анаға тағзым” орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, облыстық “Знамя Труда” газетінің бас редакторы сөз сөйлеп, журналист қыз-келіншектерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, істеріне сәттілік тіледі. Облыстық “Aq Jol” газетінің бас редакторы Хамит Есаман және облыстық “AR-AI” газетінің бас редакторы, филиал төрағасының орынбасары Тұрсынбек Сұлтанбеков кеш қонақтарына жылы лебізін білдіріп, жырларын арнады.
Жиын соңында еңбектері еленген 6 журналист «ҚР журналистер одағына» қабылданып, арнайы төсбелгі тағылды.
Сондай-ақ жиынға қатысқан барлық қыз-келіншектерге сый-сияпат табыс етілді.

Comments (0)
Add Comment